Хуситтер Сауд Арабиясы Йемен астанасына 26 әуе соққысын жасағанын мәлімдеді

АСТАНА. KAZINFORM — Сауд Арабиясының әскери ұшақтары Йемен астанасы Санаға 26 рет әуе соққысын жасады. Қала қазір «Аңсар Аллах» (хуситтер) қозғалысының бақылауында, деп хабарлайды ТАСС агенттігі.

Фото: Анадолу

Басылымның мәліметінше, мұндай мәлімдемені хуситтердің бақылауындағы SABA агенттігі таратқан.

SABA мәліметіне сәйкес, соққылар Нақм, Аттан, Эс-Сабаин және Эн-Нахдайн аудандарына жасалған. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер, сондай-ақ қираған нысандар туралы ақпарат жоқ.

Бұған дейін Agence France-Presse агенттігі Йемен астанасында күшті жарылыстар болғанын хабарлаған.

Йеменде 2014 жылдың тамызынан бері хуситтер мен Сауд Арабиясы қолдайтын үкімет күштері арасында қарулы қақтығыс жалғасып келеді. 2026 жылғы тамыздың басында «Аңсар Аллах» қозғалысы елдің оңтүстік-батысындағы шабуылдарын күшейткен. Ал 10–11 қыркүйекте олар Йеменнің батысындағы Моха портты қаласы мен Баб-эль-Мандеб бұғазына шығатын аумақтарды бақылауына алған. Соңғы апталарда үкімет күштері бұғаз маңында қарсы шабуылдар жасап жатыр.

Бұған дейін Сауд Арабиясы хуситтермен қақтығыс ушыққан тұста әскери дайындығын күшейткенін жазғанбыз.