Хуситтер Тель-Авив әуежайына зымыран ұшырды
16:36, 20 Наурыз 2025
АСТАНА. KAZINFORM – Йемендік хуситтер Тель-Авивтегі Бен-Гурион халықаралық әуежайына қарай гипердыбыстық баллистикалық зымыран ұшырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды ВВС.
Израиль билігі зымыранды қағып алғанына сердіріп отыр.
- Йеменнен ұшырылған зымыран Израиль аумағына кірмес бұрын [...] қағып алынды, - деп мәлімдеді әскерилер.
Бұл түнде Газа секторындағы ХАМАС-тың бақылауындағы билік Израиль соққыларынан кемінде 10 адам қаза тапқанын хабарлады.
Газа Азаматтық қорғаныс агенттігі өкілінің хабарлауынша, соққылар Хан- Юнистің шығысындағы үйлерге жасалды. Оның мәліметінше, ондаған адам жарақат алды.
Бір күн бұрын Израиль Газада құрлық операциясының басталғанын жариялады, Иерусалимде наразылық білдіріп жатыр.