Келер жылы қор мұнайдың орташа бағасы барреліне $53 болады деп күтуде, деп жазды ПРАЙМ.
Қазан айында ХВҚ мұнайға деген болжамдарын едәуір көтерді: 2016 жылы барреліне $7-ға, яғни $42,96-ға дейін, 2017 жылы - барреліне $9-ға, яғни $50,64-ға дейін.
Қор болжамдарының кезекті түзетілуін «ОПЕК және өзге ірі өндірушілер арасындағы мұнай өндірісін азайту келісімінен кейінгі мұнайдың қымбаттауымен және 2017 жылы «қара алтынның» басты тұтынушысы Қытай экономикасының өсуімен» түсіндірді.