ХВҚ Грузияға кезекті 153 млн. доллар несие траншын бөлді

АСТАНА. 13 қаңтар. ҚазАқпарат - Халықаралық валюта қорының (ХВҚ) Директорлар кеңесі сәрсенбі күні өзінің Грузиямен ағымдағы ынтымақтастық бағдарламасының жетінші және сегізінші шолуын аяқтады.

Ол енді "жедел түрде 153 млн. доллар көлемінде несие траншын бөлуге мүмкіндік береді». Бұл туралы ХВҚ-ның баспасөз үшін таратылған мәлімдемесінде айтылады, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.

Құжатта атап көрсетілгендей, алдағы уақытта Грузия бағдарламаны профилактикалық деңгейде қарастырып, оның аясында нақты қаржы тартуға жол бермеуді көздеп отыр.

"Грузияның бұл экономикалық қайта жаңғыруын нығая түсті. Бұған мәліметтерде келтіріліп отырған экономикалық өсім дәрежесі мен валюта бағамының тұрақтандырылуы айғақ бола алады», - деп атап көрсетті ХВҚ атқарушы директорының орынбасары Мурило Португал. - Бұған бағдарлама аясында қарастырылған экономикалық шаралардың сөзсіз орындалуы ықпал жасады деп санайды сарапшылар.