«Геосаяси шиеленістің нашарлауы және кейбір елдер мен аймақтарға төніп тұрған лаңкестік, босқындар, және басқа да жаһандық індеттер сияқты экономикалық емес қатерлер әлемдік саудаға, қаржылық және туристік ағындарға кедергі келтіріп, елеулі жанама ауыртпалықтар тудыруы мүмкін», - делінген құжатта.
04:57, 25 Ақпан 2016
ХВҚ лаңкестік пен босқындардың әлемдік экономикаға ықпалын ескертті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Халықаралық валюта қоры жаһандық экономикаға лаңкестіктің, босқындарға байланысты дағдарыстың және басқа да факторлардың ықпалына алаңдаушылық білдіреді, делінген Шанхайда өтетін G20 қаржы министрлерінің отырысына қор мамандары даярлаған ХВҚ баяндамасында, деп хабарлады РИА Новости.