Агенттіктің мәліметінше, ХВҚ мамандарының баяндамасында «юаньді резервтік валюта кәрзеңкесіне енгізу жөнінен оң қорытынды жасалған». Алайда ХВҚ-да жақпай қалған әрекеттерді болдырмау құқығына ие Құрама Штаттар бұл жаңалыққа сенімсіздікпен қарайды. Сондай-ақ ХФҚ директорлар кеңесі келесі айда баяндаманы қолдағанның өзінде юань тек 2016 жылғы қазаннан бастап ғана резервтік ақша құрамына ене алады, деп жазады ТАСС.