ХВҚ шешімі 2016 жылдың 1 қазанынан бастап күшіне енеді. Экономикалық тұрғыда АҚШ-тан кейін екінші орында тұрған ҚХР Халықаралық валюта қорына ұлттық валютасына «резервтік» мәртебесін беру туралы өтінішпен былтыр жүгінген.
Сарапшылар ХВҚ шешіміне оң баға беріп жатыр, себебі юань қазірдің өзінде бүкіл әлемде есептесу кезінде қолданылып келеді және «еркін қолданыстағы валюта» болып табылады.
Есептік валюта ретінде юань 2010 жылы 35-орында тұрса, 2015 жылы 5-орынды иеленді. Ал Азиялық-Тынық мұхиты өңірінде ол есеп айырысу кезінде ең көп қолданылатын валютаға айналды, деп жазады Би-би-си.
Қазір мыналар резервті валюта болып табылады: доллар, еуро, британдық фунт стерлинг және жапон иенасы.