Жемқорлық салықтан жалтару мен кедейліктен гөрі экономикалық өсімнің бәсеңдеуіне әлдеқайда қатты ықпал етеді, деген Халықаралық валюта қорының хабарламасындағы сөздерді келтірді Reuters.
ХВҚ зерттеулерінің мәліметінше, жыл сайын әлемдік экономикадан пара ретінде $1,5 трлн - $2 трлн (ІЖӨ-ның шамамен 2%) ұрланады, деп жазды РБК.
«Жанама шығын бұдан да көп болуы мүмкін», - делінген ХВҚ басшысы Кристин Лагардтың баяндамасында.
Оның сөзіне қарағанда, жемқорлық үкіметке деген сенімді және азаматтардың этикалық нормаларын бұзады.
Нақты елдерді атамаған ХВҚ өз баяндамасында қалыпқа келмейтін табиғи ресурстарға деген тәуелділік, сонымен қатар оларды бақылау төңірегінде туындайтын даулар жемқорлыққа ықпалдасуы мүмкін екенін айтады.