«Hyundai» қауіпсіздік жастықшасы қате бекітілген 140 мыңнан астам көлігін қайтарып жатыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстіккореялық «Hyundai» автокөлік өндірушісі АҚШ нарығынан 141 мың автокөлікті кейін қайтаратындығы жайында мәлімдеді. Бұған қауіпсіздік жастықшасының дұрыс орнатылмауы мүмкіндігі себеп болып отыр.

Осы орайда бұл шешім 2011-2014 жылдар аралағында шыққан «Tucson» кроссоверіне қатысты болуда.

Автоконцерннің мәлімдемесіне қарағанда, жүргізушіге бағытталған қауіпсіздік жастықшасы модулінің екі болты рөлге тиісті деңгейде бекітілмеуі ықтимал екен. Бұл тұрғыда апат кезінде аталған жастықшалар өзінің қызметін атқара алмауы мүмкін.

Сонымен қатар бүгінде өндірушіге бұл ақаудың салдарынан қандай да бір қайғылы оқиғалар мен жарақат алу фактілерінің орын алуы жайында белгісіз көрінеді, деп жазады Росбалт.