И.Ақпомбаев Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті мүшелігіне тағайындалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елбасы Жарлығымен Иманжүсіп Латкенұлы Ақпомбаев Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі қызметіне тағайындалды.

Бұған дейін ол Мемлекет басшысының Өкімімен басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары қызметінен босатылған болатын. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлайды.