І Әскери-патриоттық әндер байқауының жеңімпаздары гала-концерт берді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында ҚР Тұңғыш Президенті күнін мерекелеуге орайластырылған І республикалық «Сарбаз әндері» әскери-патриоттық әндер байқауының гала-концерті өтті, деп хабарлады ҚазАқпаратқа ведомствоның баспасөз қызметінен.

Жоба ағымдағы жылдың қыркүйегінде бастау алды және осы уақыт ішінде оның «қоржынына» 120-ға жуық туынды келіп түсті. Шешуші кезеңге 13 үздік ән іріктеп алынды.

Нәтижесінде, республикалық байқаудың бас жүлдесін Асылзат Исатайдың сөзі мен Бейбіт Бірімғазиннің  әуеніне жазылған «Жауынгер» әні жеңіп алды. Отан қорғаушылардың оң бейнесін аша түсетін әндер номинациясында бірінші орындарды «Сапқа» тұр» және «Ұлы дала сарбазы» шығармалары жеңіп алды. Әскер түрлері мен тектері бойынша «Танкішілер» туындысы «үздік ән» деп танылды.

Әскери-патриоттық әндер ұлттық байқауының жеңімпаздары бағалы сыйлықтармен және құрмет грамоталарымен марапатталды.

Одан басқа, іс-шара аясында гала-концертке жиналған меймандарға ҚР ҚК Ұлттық әскери-патриоттық орталығының би ұжымдары, балет топтары мен эстрада-симфониялық оркестрінің өнерлері ұсынылды. Қазақстандық эстрада жұлдыздарының орындауындағы жаңа әндердің тұсаукесері байқау ұйымдастырушыларының ерекше тосынсыйы болды.