Аса ауыр салмақтағы боксшылардың барлығы да кәсіби рингте жұдырықтасып жүрген танымал спортшылар болса, олардың арасында тек Иван ғана әуесқой бокспен айналысады, деп хабарлады ҚР Бокс федерациясының баспасөз қызметінен.
Федерация ақпаратына қарағанда, жаттығу таңғы сағат 7-де басталады. Осы уақыттан бастап барлық боксшылар жеке бағдарлама бойынша жаттығады. Ал кешісін боксшылар арасында спарринг өткізіледі. Әрбір боксшысы В.Кличкомен 2-3 раунд жұдырықтасуы тиіс. Бүгінгі күнге дейін Иван кіші Кличкомен үш раундтық спарринг өткізіп үлгерді. "Бәрі де дұрыс. Жекпе жектен кейін ол мен мақтады. Бірақ, бұл мақтануға еш мүмкіндік бермейді», - дейді кездесуден кейін Иван.
Айта кетерлігі, таяу күндері Иван кіші Кличкомен тағы бір жекпе-жек өткізетін болады. Гоингтегі жаттығу 28 шілдеге дейін жалғасады.