И.Дычко Қытайда өткен турнир чемпионы атанды
18:09, 02 Сәуір 2016
АСТАНА. ҚазАқпарат Бүгін Қытайдың Цзяньан қаласында өтіп жатқан лицензиялық турнирде қазақстандық ауыр атлет Иван Дычко чемпион атанды.
Қазақстан боксшысы ақтық сында өзбекстандық Баходир Джалоловпен кездесіп, 3:0 есебімен басым түсті.
Айта кетерлігі, бұл турнирде бірінші орынды Жасұлан Әлімханұлы (75 келі), екінші орынды Әділбек Ниязымбетов (81 келі) пен Дариға Шәкімова (75 келі), ал Олжас Сәттібаев (52 келі) пен Қайрат Ералиев (56 келі) тиісінше - үшінші орынды иеленген болатын.