Облыстық әкімдіктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Ибадулла Дүйсенбайұлы 1957 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. Жоғары білімді. Философия ғылымдарының кандидаты. Әр жылдары қалалық және облыстық мекемелерде жауапты қызметтер атқарған. Мәселен, 2004-2007 жылдары Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары. Соңғы екі шақырылымда Қызылорда қалалық мәслихатының хатшысы болған.
Облыс әкімі Ибадулла Құттықожаевтың жаңа қызметіне сәттілік тілеп, жылы лебізін жеткізді.