«I’m from Qazaqstan»: Байқауға 200-ден астам видеоролик түсті

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «I’m from Qazaqstan» видеороликтер байқауына 200-ден астам жұмыс түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жастар жылы» аясында «A kind heart» қоғамдықбірлестігі қолға алған жобаға Қазақстанның түкпір-түкпірінен 969 өтінім түсіп,233 адам толыққанды видеоблогтүсірген. Олардың 15-і ғана ақтық сынға өткен.

Байқау шартыбойынша қатысушылар өзінің туған қаласы немесе ауылы туралы бейнеролик түсіріп,онда көрікті жерлерді көрсетуі, туристер үшін қызықты мәліметтер ұсынуы керекболатын.

«Үміткерлердің 40пайызы - Алматыдан, 13 пайызы - Нұр-Сұлтаннан. Қалған жұмыстар Өскемен,Шымкент, Семей, Ақтау, Көкшетау, Қарағанды, Бурабай, Қостанай, Түркістан,Павлодар қалаларынан түсті. Аудандар мен ауылдардан да ролик жібергендер бар.Олардың жұмысын құрамына белгілі шетелдік және отандық блогерлер енген қазыларалқасы бағалайды», - дейді «A kind heart» қоғамдық бірлестігі таратқанақпаратта.

Бұғандейін хабарлағанымыздай, ең үздік видеоролик авторы бас жүлдеге 1 млн теңгеалады. Екінші орынға – 500 мың теңге, үшінші орынға 300 мың теңге беріледі. Бәйгеқорытындысы бойынша, финалға жеткен қатысушылар Қазақстандағы YouTubeкомпаниясының ресми өкілімен келісімшартқа отырып, өз арналарының даумынақатысты мамандардан кеңес алады. Жеңімпаздарды құттықтау салтанатты рәсімі 24-25 тамызда Нұр-Сұлтанқаласында ұйымдастырылатын «Қазақстанды аша отырып» атты халықаралық блогерлерфорумында өтеді.

Байқау Азаматтық бастамаларды қолдауорталығы мен ҚР Ақпарат және қоғамдықдаму министрлігінің қолдауымен іске асырылуда.

Соңғы жаңалықтар