И.Сартаев «Сырбар» Сыртқы барлау қызметі директорының бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Өкімімен Исатай Бақтиярұлы Сартаев Қазақстан Республикасы «Сырбар» Сыртқы барлау қызметі директорының бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.

Сондай-ақ Исатай Сартаев Қазақстан Республикасы «Сырбар» Сыртқы барлау қызметі директорының орынбасары қызметінен босатылды.