И.Шувалов: Қырғызстанның Кедендік Одаққа қосылуы БЭО-ның қалыптасу уақытына тура келеді
21:29, 29 Мамыр 2013
АСТАНА. 29 мамыр. ҚазАқпарат - Қырғызстанның Кедендік Одаққа (КО) қосылуы, Бірыңғай экономикалық одақтың (БЭО) қалыптасу уақытына тура келеді, деп хабарлайды РБК РФ Үкіметінің бірінші вице-премьері Игорь Шуваловтың мәлімдемесіне сілтеме жасап.
«Оған дейін Қырғызстан Еуразия экономикалық комиссиясы және Бірыңғай экономикалық кеңістік жанындағы басқа да органдарда бақылаушы мәртебесін алады», - деді ол.
Еске сала кетейік, жоспарға сәйкес БЭО 2015 жылдың 1 қаңтарынан жұмысын бастауы тиіс.