партияның қалалың филиалының төрағасы Иманғали Тасмағамбетов өзінің және барша ниеті бір, тілегі ортақ қауымның атынан сайлауға Елбасы Н. Назарбаевтың кандидатурасын ұсынды.
«Бақытын білмеген баянын сорлатады». Бұл тарихында талай «тар жол тайғақ кешуде» де, өркендеп өсуде де ұлтымыздың дуалы аузынан шыққан сөз. Ал осы күні сол жолдан өттік дей аламыз ба? Алдымыздағы белестердің биіктігін, асулардың алшақтығын өлшеген кім бар? Ең бастысы, сол сыннан сүрінбей сүйрейтін кім бар? Дәл қазір осындай мақсат-мұратқа жетелейтін бір-ақ тұлға бар. Ол - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Олай болса, өзімнің және барша ниеті бір, тілегі ортақ қауымның атынан сайлауға Елбасымыз Н. Назарбаевты ұсынамын», - деді И. Тасмағамбетов.