Қорғаныс ведомствосының басшысы әскери қызметшілердің іс жүзіндегі іс-қимылдарын бақылап, жеке құрамның кәсіби даярлығын бағалады.
«Жәрдем-2016» оқу-жаттығуына қатысуға 100-ден аса әскери қызметші, сондай-ақ 10-нан астам әскери қопарушы маман тартылды.
Оқу-жаттығуға шамамен 100 бірлік арнайы техника, яғни, бульдозерлер, тиегіштер және экскавторлар тартылды. Деректерге сүйенсек, оқу-жаттығу ағымдағы жылдың шілдесіне дейін жалғасады.