Үстіміздегі жылғы І тоқсан ішінде техникалық байқауға барлығы 416,5 мың автокөлік ұсынылған, оның 58 мыңы (52 мыңы жеңіл көлік, 3 мыңы жүк көліктері және 2,5 мыңы автобус) бірден техникалық байқаудан өтпей қалды.
Техникалық байқаудан көбінде тежеуіш жүйесінің (21 мыңға жуық автокөлік), рулдік басқару (3,7 мың), сыртқы жарық құралдары (18 мың), қозғалтқыш (4 мың), қозғалғыш бөлігі мен аспа (2 мың) ақаулары себепті өте алмай қалады. Жоғарыда айтылған деректер көліктердің техникалық жарамдылығын сақтау ұдайы назарда бола бермейтіндігін көрсетеді.
Қазақстанның автокөлік құралдары олардың тіркелу орнына байланыссыз 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап техникалық байқаудың арнайы орталықтарында ғана техникалық байқаудан өтуі тиіс екенін еске саламыз. Бүгінгі таңда мұндай 399 орталық бар. Олар 43 қала мен 79 әкімшілік ауданды қамтиды.
Барлық техникалық байқау орталықтары ақпаратты автоматты түрде өңдеп отыратын «Техникалық байқау» бірыңғай ақпараттық жүйеге қосылған.
ҚР 2014 жылғы сәуірде қабылданған «Жол қозғалысы туралы» Заңы бойынша техникалық байқауды өткізу процедурасын жетілдіру мақсатында мынадай өзгерістер енгізілді:
- жаңа автокөліктері үшін техникалық байқауды өту мерзімін 1 жылға ұзарту, яғни 4 жылға дейін;
- қағаз жүзіндегі техникалық байқаудау өту туралы куәландыратын бланктерден бас тарту;
- техникалық байқау барысында көлік салығын төлегендігі туралы құжатты ұсынуды жою;
- жол көлік оқиғасына соқтырған техникалық байқау кезінде көліктің ақауларын таппағаны үшін операторларды жауапкершілікке тарту;
- операторлардың техникалық байқауды өткізу тәртібін бұзғаны үшін жауапкершіліктері күшейту.
Бұл Заң 2014 жылғы 20 қазаннан бастап күшіне енгізіледі.