«Ашығын айтатын болсақ, саясаткерлер ортақ мәмілеге келгенше, әзірге лаңкестер жылдам әрекеттер жасауға қауқарлы. Атап айтқанда іс жүзінде лаңкестік интернационалды жүзеге асыруда. Сондықтан да соңғы кездері антиресейлік санкциялар түрінде кейбір серіктестеріміз біздің бастамаларға қолдау жасамауы алаңдатып отыр, осы ретте олар лаңкестікке қарсы бірлескен іс-қимыл бойынша бұрындары қалыптасқан форматтарды үзуде»,-деді Ильяс Умаханов.
Оның сөзіне қарағанда, бүгінде халықаралық лаңкестік секілді ортақ қатердің алдында діни көшбасшылар көп уақыттан бері жинақталған келіспеушіктерден аттап өтіп, лаңкестікке қарсы бірыңғай шеп құрып отыр.
«Лаңкестікпен күресте парламентарилер рөлі артуда. Халықаралық-құқықтық нормалар, ұлттық заңнамалар аталған қатерге қарсы іс-қимылда және оның алдын алуда тиімді құрал болуы тиіс»,-деді ол.
И.Умахановтың пайымынша, ақпараттық кеңістікте лаңкестік идеологияға қарсы іс-қимылда депутаттардың, саясаткерлердің, сарапшылық қоғамдастықтың және БАҚ-тың күш жігерін біріктіру қажет.
«Біз қауіпті насихат жүргізетін бір сайттарды жауып жатсақ, лаңкестер мен олардың көмекшілері дереу басқа сайттарды ашуда. Осылардың артында тұрғандар жасақ жинаушы экстермистердің бірінші эшелонын құрап отыр, яғни олар жастарды идеологиялық тұрғыда тартатын негізгі күштің алдыңға қатары», -дейді ол.