деп хабарлады pm.kz сайты.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпараты бойынша, І жартыжылдықта 59 мыңға жуық адам өңірлік жұмыспен қамту орталықтарына жүгінді, олардың 51-і мыңы қатысушы атанып, олармен әлеуметтік келісімшарттар жасалды және 6,6 мыңдай адам қосымша оқусыз бос жұмыс орындарына тұрғызылды.
«Бағдарламаға қатысушылардың, әлеуметтік келісімшартқа қол қойғандардың ішінде 38 105 адам - жұмыссыздар және олардың 54 пайызы - 29 жасқа дейінгі жастар болса, 47,6 пайызы - әйел азаматтар», - деп хабарлады Еңбек министрлігінің баспасөз қызметінен pm.kz сайтына.
Жұмыспен қамту бағдарламасының І бағыты бойынша 49,3 мыңнан астам қазақстандық 442 білім ұйымында оқып жатыр. 21,6 мың адам - әлеуметтік жұмыс орындарына, 11,5 мың адам - жастар тәжірибесіне жолдама алды. Олардың орташа жалақысы 45,5 мың теңгені құрайды.
Ал ауылдық жерлердегі кәсіпкерлікке қолдау көрсетуді мақсат еткен ІІ бағыт бойынша 2096 адам шағын несие алып отыр. 3211 адам кәсіпкерлерлік негіздерін оқып-үйренді және шағын несие алған кәсіпкерлер бүгінде ауылдық жерлерде 2 684 жұмыс орнын ашқан.
Айта кету керек, мал шаруашылығы, ет өнімдерінің өндірісі, көкөніс және бақша өнімдерін өсіру шаруашылығы ауылдағы кәсіпкерлікті дамытудың негізгі бағыттары болып отыр, берілген барлық несиелердің 74 пайызын осы шаруашылықтар қамтып отыр.
Еңбек ресурстарының жинақылығын арттыруды қарастырған ІІІ бағыттың аясында ел өңірлерінде 564 үйдің құрылысы жалғасуда, 331 үйдің құрылысы аяқталды. 2012 жылы 229 үйдің құрылысы жоспарланып отыр және бүгінгі таңда 30 үйдің құрылысы аяқталды, тағы 25 үйдің құрылысы басталды. 174 үй бойынша конкурстық рәсімдер жүргізілуде. Қоныс аударған отбасылардың көші-қондарына демеуқаржы берілді.
Ауылдық елді мекендерді дамытуға негізделген IV бағыттың аясында әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеттері орташа және жоғары ауылдарда инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру жұмыстары жүргізілуде. Осы шаралардың арқасында 2012 жылы ауылдық жерлерде 8 мыңнан астам қосымша жұмыс орны құрылады.
Атап айтқанда, ағымдағы жылы 565 инфрақұрылымдық жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Оның ішінде, 309 жоба - әлеуметтік инфрақұрылымның, 138 - инженерлік-көлік инфрақұрылымының жобалары. Сондай-ақ ауылдарды абаттандыру және коммуналдық нысандарды жөндеу жобалары да іске асырылады. 336 жоба бойынша мемлекеттік сатып алу рәсімдері өткізіліп, жұмыстар басталып кетті, ауылдық жерлерде қазірдің өзінде 1,2 мың жұмыс орны құрылып отыр.
«Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасын әрі қарай жалғастыру халықтың еңбек белсенділігін арттырып, тұрмыс-тіршілігін жақсартуға бағытталған басымдықты міндет болып қала береді.