IAAF Ольга Рыпаковаға қола медалін табыстайды

Фото: None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Халықаралық жеңіл атлетика федерациясы (IAAF) қазақстандық жеңіл атлет Ольга Рыпакованы 2008 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдесін табыстау үшін Бирмингем қаласына жабық кешендегі Әлем чемпионатына шақырды, деп хабарлайды деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА ҚР Жеңіл атлетика федерациясына сілтемес жасап.

«Айта кетейік, былтыр Валенсияда өткен 2008 жылғы жеңіл атлетикадан жабық кешендегі әлем чемпионатының допинг-сынамалары қайта қаралған болатын. Сол кезде үш қарғып секіруден күміс жүлдегер атанған грек қызы Хрисопийи Деветцидің допинг қолданғаны анықталды. Ольга Рыпакова бұл біріншілікте 14.58 метрге секіріп төртінші орын алған еді. Ол кезде Әлем чемпионатында бірінші орынды - кубалық Яргелис Савинье (15.05), екінші орынды - Деветци (15.00), үшінші орынды - Мария Шестак (Словения, 14.68) иеленген болатын. Енді Рыпакова бір саты көтеріліп, қола жүлдеге ие болып отыр», - делінген хабарламада.

IAAF Қазақстан жеңіл атлетика федерациясына Ольга Рыпакованы әлем чемпионатына шақыру жөнінде ресми хат жолдаған болатын. Әлем чемпионаты 1-4 наурыз аралығында Ұлыбританияның Бирмингем қаласында өтеді. Барлық шығынды IAAF өз мойнына алып отыр.

Еске салайық, Хрисопийи Деветци 2008 жылғы Бейжің Олимпиадасындағы қола жүлдесінен айырылып қалған болатын. Ол медаль да қазақстандық Рыпаковаға берілетіні туралы шешім шыққан еді.

Соңғы жаңалықтар