IBF-тің үміткері GGG-мен бокстасуға дайын

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Орта салмақтағы IBF белбеуінен міндетті үміткер Сергей Деревянченко аталған титулдың иегері Геннадий Головкинмен жұдырықтасуға даяр, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Білуімше, қазіргі кезде Головкин демалып жүр. Одан кейін олар Альвареске қарсы екінші жекпе-жекті өткізуді көздейді. Бұл жерде көп нәрсе помоутерлерге байланысты ғой», - деді украиналық боксшы Деревянченко Sports.kz сайтына берген сұxбатында.

Оның ойынша, Головкин жылдам боксшылармен дұрыс бокстаса алмайды. Себебі олар шапшаң, ондай боксшыларды қуа бергеннен күш сарқылады. «Мәселен, Джейкобсқа қарсы жекпе-жекте Головкин үшін қарсыласын қуа берген оңай емес екені байқалды. Ал адам бір жерде тұра берсе, қатты соққыны дарыту жеңіл», - деп атап көрсетті Деревянченко. Өз сөзінде боксшы Головкинге қарсы жекпе-жекті Қазақстанда өткізуге қарсы емес екенін жеткізді.

Айта кетейік, кезінде Сергей Деревянченко «Астана арландары» сапында да өнер көрсеткен.