Қазақстандық спортшы рейтингтің 12-інші орнына орналасты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
ВКонтакте желісінде «Профи бокс Қазақстан» тобының жазуынша, Жанқош Дүниежүзілік бокс қауымдастығының рейтингісінде (WBA) 11-інші орында тұр.
Еске салайық, жуырда ғана шаңырақ көтерген кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраров қараша айының соңында ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының қабылдауында болып, елімізде жеке бокс кешін өткізгісі келетінін айтты. Ол 2017 жылдың қаңтар айында АҚШ-қа аттанып, жаттығуларын бастамақ.
Айта кетейік, Жанқош осыған дейін 20 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жетті. Оның 14-ін уақытынан бұрын аяқтады.