Айта кетейік, Ибрагим Дәуітұлы 1937 жылдың 19 шілдесінде туған. Қырық жылдан астам уақыт бойы республикамыздың құс өсіру саласының көш басындағы ұжымды басқарып келді. Одан басқа, «Ижевский» ӨК - өңірдегі бидай өндірудің флагманы, кәсіпорын мал шаруашылығымен танымал болған.
Ибрагим Дәуітұлы еліміздің, Ақмола облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосты. Бар өмірін аграрлы салаға арнаған ол нарықтық экономика жағдайында өнімділігі жоғары кәсіпорын ұйымдастыруда үлкен жетістіктерге жетті.
Ибрагим Дәуітұлы - Социалистік Еңбек Ері, Ақмола облысы мен Аршалы ауданының құрметті азаматы, «Ижевский» ӨК бас директоры, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылық академиясының академигі, сондай-ақ, «Парасат», «Отан» тәрізді бірнеше медальдардың иегері. Қазақстанның құс өсірушілер одағының құрметті президенті, Құрметті құс өсіруші, ҚР Еңбегі сіңген ауыл шаруашылығы қызметкері, И.Бараев атындағы мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі.
«Ол - еліміздің және Ақмола облысының мақтанышы» дейді облыстық ішкі саясат басқармасындағылар.