Ибрагимович Манчестер Юнайтедке қайта оралуы мүмкін

АСТАНА. ҚазАқпарат - Швециялық шабуылшы жарақатынан емделген соң Манчестер Юнайтедпен жаңа келісімшартқа отыруы ықтимал, деп жазады prosports.kz.

Бұл туралы «қызыл сойқандардың» бас бапкері Жозе Моуриньо айтты.

«Златан басқа клубқа ауысудан гөрі МЮ-ге қайта оралуға жақын», - деді португалиялық маман.

Естеріңізге сала кетсек, Златан Ибрагимовичтің биыл «Манчестер Юнайтедпен» келісімі аяқталған болатын.