iChallenge U 2011 зияткерлік ойынының жеңімпаздары марапатталды

АСТАНА. 1 сәуір. ҚазАқпарат - Назарбаев Университетінде Ай-Чаллендж (iChallenge U 2011) - Карнеги Меллон (Carnegie Melon) АҚШ танымал университетінің бөлімшесі ұйымдастырған зияткерлік ойынының жеңімпаздарын марапаттау салтанаты өтті,

деп хабарлады осы жоғары оқу орнының баспасөз қызметі.

Үш бірінші орын финалға алғашқы жеткен топқа берілді. Олар: Ad Astra (1 орын), 3NS (2 орын), I-team (3 орын). Ad Astra тобының қатысушылары берілген мысалдарды 4 күнде шешті. НУ Дайындық мектебі деканының міндетін атқарушы Арман Сапаров айтуынша, осындай ойындар студенттерге практикалық дағдыларды жақсартуға және зияткерлік деңгейін жоғарылатуға көмектеседі.

22-деңгейлі ойынды танымал неміс дизайнері Дэвид Мюних ойлап тапқан. Әр дәрежеде қатысушыларға терең ой мен мықты қмисынды талап ететін есептер ұсынылған. 43 тіркелген топ арасында финалға 22-сі ғана жетті.

Ойын демеушілері - Назарбаев Университетінің ғылым және технологиялар мектебі мен Ай Карнеги мектебі. Ай Карнеги Назарбаев Университетінде ғылым және технологиялар мектебін ашуда серіктес болып келеді.