Биылғы жылы БАӘ билігі 7-10 тамыз күндерінде төрт күндік демалыс жариялады. Осы демалыс күндері Әмірлікке дәстүр бойынша көршілес Оман, Катар, Сауд Арабиясы және басқа елдерден көптеген туристер ағылады.
Дубай әмірлігі туризм департаментінің өкілдері Рамазанның аяқталуына орай үлкен мерекелік бағдарлама әзірлеуде.
Дубайдың фестивальдар мен бөлшек сауда ұйымдастыру департаментінің атқарушы директоры Мохаммед Сухейл әмірлік мегаполисінде араб эстрада жұлдыздарының қатысуымен көптеген концерттер, орасан зор фейерверк-шоу және отбасымен бірге демалу үшін көптеген шаралар ұйымдастырылатынын айтты.
Ал БАӘ тұрғындары, оның көпшілігін құрайтын Еуропадан, АҚШ пен Азия елдерінен келген жалдамалы жұмысшылар қысқа мерзімді каникул күндерінде туыстарына барып қайтуға немесе климаты қоңыржай аймақтың көршілес елдеріне баруды жоспарлауда.
Әмірлік астанасы - Әбу-Даби тұрғындары мен қонақтары үшін мерекелік кәдесыйлар ұсынылмақ. Мәселен ADNEC көрме орталығында «Summerfest» араб мәдениеті фестивалі өтпек, ал «DU Forum» орталығында Ливаннан, Египеттен және Иорданиядан араб орындаушыларының бірнеше концерттері ұйымдастырмақшы.