«Германияның үздік тәжірибесіне сүйеніп, министрлік жанындағы энергияны үнемдеуді дамыту институты базасында энергожүйелі қызмет нарығы операторы қызметін заңнамалық тұрғыда бекіту ұсынылды. Осылайша, жаңа сала жасақталады. Бұл институт энерготиімділік картасын жасақтап, жүргізетін болады», - деді Ә.Исекешев. Сонымен қатар, министр институттың жұмысына әдістемелік көмек беру үшін немістің «dena» энергетикалық агенттігі тартылып жатқанын айтты. «Агенттік институтқа әдістемелік базасын жасақтауда көмектесетін болады. Сонымен қатар, кем дегенде 3 стратегилық инвесторлар тартылады. Қабылданған шаралар нәтижесінде шамамен 100 жобаны жүзеге асыру көзделген», - деп түсіндірді ҚР ИДМ басшысы. Жалпы, Ә.Исекешевтің айтуынша, энерготиімділік саласының инвестициялық тартымдылығын арттыруда заңнамалық кедергілерді алып тастау ұсынылды. Яғни, энергоресурстар есебінен энергожүйелік компаниялардың қызметін төлеуді ұзақ мерзімді жоспарлау қарастырылып отыр.
19:09, 07 Қыркүйек 2015
ИДМ энергия сервистік қызметтер нарығы операторының қызметін Энергия үнемдеуді дамыту институтына тапсыруды ұсынды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда энергия сервистік қызметтер нарығы операторының рөлін ҚР Инвестициялар және даму министрлігі жанындағы «Электр энергетикасын және энергия үнемдеуді дамыту институты» АҚ-на тапсыру ұсынылды, деп мәлімдеді бүгін ведомство басшысы Әсет Исекешев Парламент Мәжілісінде «Қазақстанның индустриалды-инновациялық саясаты мәселелері бойынша заңнамасына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын таныстыру барысында. Бұл туралы primeminister.kz жазды.