АҚШ-тың дауылдарды бақылау жөніндегі ұлттық орталығының мәліметінше, дүлей апат аумағындағы желдің екпіні шамамен 42 м/с құрайды, кей жерлерде 70 м/с жеткен.
Ұлттық метеорология қызметі «апатты» теңіз дауылы мен торнадо туралы ескертті.
Флориданың 2,5 миллионға жуық тұрғыны эвакуацияланды. 600 мыңға жуық үй мен кәсіпорында электр қуаты сөндірілгені хабарланды.
Дауыл солтүстік-шығысқа қарай 13 км/сағ жылдамдықпен жылжып келеді.
Америка БАҚ-тары «Иен» дауылы Флориданың батыс жағалауында бұған дейін болған ең қуатты дауылмен пара-пар екенін айтуда: қазіргі желдің күші 2004 жылы «Чарли» дауылы кезінде соққан желмен тең.
Метеорологтардың болжамы бойынша, «Иен» АҚШ-та 6 қазанға дейін соғады.
Фото: ru.euronews.com