Радиостанцияның деректеріне қарағанда, Иерусалим бөктеріндегі аудандағы алты шағын ауылдың тұрғындары эвакуация туралы бұйрық алған. Тілсіз жауды ауыздықтауға өрт сөндіру бригадалары мен 10 -нан астам өрт сөндіру ұшақтары жіберілді.
Өрт салдарынан жақын маңдағы жолдар жабылды, тас жолда кептеліс пайда болды, деп атап өтеді радиостанция.