Jerusalem Post газетінің хабарлауынша, бүлікке қатысушылар мешіт ішіне кіріп алып, полицейлерге тас және петарда лақтырған. Оқиға орнына жергілікті билік арнайы полиция бөлімін жіберген.
Кейінірек Израильдің қоғамдық қауіпсіздік министрі жергілікті газетке мешітке қайтадан адамдар кіре беруіне болатынын, қауіптің беті қайтқанын хабарлаған.
Айта кетейік, қақтығыс яһудилердің жаңа жыл мерекесі басталарға бірнеше сағат қалғанда басталған. Ал әл-Ақса мешіті мұсылмандар үшін де, яһудилер үшін де қасиетті орын саналады.