Жұмыс жетекшісі, Иерусалимдегі Еврей университетінің профессоры Элиат Мазар жазуға қолданылған тақтайша Иерусалимнен бұдан бұрын табылған жазудан 600 жыл бұрынғы екендігін айтты.
17:30, 15 Шілде 2010
Иерусалимде ежелгі жазу үлгісі табылды
АСТАНА. Шілденің 15-і. ҚазАқпарат - Израильде археологтар Иерусалим аумағындағы қазба жұмыстарының барысында ежелгі аккад тіліндегі саз тақтайша табылды. Мамандар бұл олжаның жасы 3,4 мың жылға жуық екенін анықтады, деп хабарлады Утро.ру агенттігі.