Иерусалимде жүк көлігі жүргіншілерді қағып өтті: зардап шеккендер бар

АСТАНА. ҚазАқпарат - Иерусалим орталығында, Көне қала қабырғасына жақын маңдағы көшеде жүк көлігі желек жолда серуендеп жүрген бір топ адамды қағып өткен. Салдарынан кемінде 15 адам жарақат алды, деп хабарлайды Би-Би-Си агенттігі.

Рейтер агенттігінің мәліметінше, кемінде үш адам қаза тапқан, алайда басқа ақпарат агенттіктері бұл мәліметті растамады.

Полиция өкілі израильдің радиосына «бұл теракті», - деп мәлім етті.

Белгілісі полиция жүк көлігінің жүргізушісіне оқ атқан, алайда ол оққа ұшты ма, әлде тірі қалды ма ол жағы әзірге белгісіз.