Слованияда иесін екі жыл көрмеген ит «қуаныштан» қатты қыңсылап, есінен танып қалады. Әлеуметтік желідегі бұл видеоны 35 мыңның үстінде адам тамашалап, түрлі пікір қалдыруда.
Видео туралы талқылағандар әлеуметтік желілерде «ит - адамның досы», ол ешқашан да сатпайды, талай достан артық деген пікірлер жазған.