Иесінің көз алдында көлігін ұрлап әкетпек болған
23:29, 03 Маусым 2018
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қырғызстандағы Шу облысында бозбала машинаны иесінің көз алдында ұрлап кетпек болған, деп хабарлайды Кабар облыстық МІІБ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Олардың мәліметінше, 2018 жылы 28 мамырда Аламединск аудандық ішкі істер бөліміне 40 жастағы жергілікті тұрғын О.З. қоңырау шалған. Ол иесінің көз алдында Daewoo Matiz маркалы көлікті айдап кетуге әрекеттенген бозбаланы қолға түсіргенін хабарлаған.
Оқиға орнына келген аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері сәтсіздікке ұшыраған көлікті айдап әкетушінің Ош облысының тумасы 20 жастағы А.Ш. екендігін анықтады.
Аталған оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жалғасуда.