Иесінің күлкісін айнытпай қайталайтын тотықұс

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ғаламтор пайдаланушылары арасында қарқылдап күлетін тотықұс туралы бейнеролик танымалдылыққа ие болуда, деп хабарлайды 24.kz.

Иесінің күлкісін дәлме-дәл қайталайтын тотықұс туралы бейнені 5 күнде 500 мыңнан астам қарап үлгерген. epochtimes.ru сайтының жазуынша, иесі отырған бөлмеге кірген тотықұс дауыстап күле бастайды. Бірақ мамандар бұл тек күлкі ғана емес, мән беріп қарасаңыз, құстарға тән ноталарды да байқауға болады дегенді алға тартады.