Иесіз ит Гоби шөлінде марафоншыларға ілесіп 100 шақырым бірге жүрді

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Гоби маршы - 2016» көп күндік марафон жүгіргендердің соңына қаңғыбас ит ілесіп, жарыстың ең қиын межесін бірге жүріп өтті, деп жазады The Mirror газеті.

Қасында бірнеше күн болған шотландиялық желаяқ Дион Леонард итке бауыр басып қалған. Қазір ол итті өзімен бірге еліне алып кету үшін 6 500 доллар жинап жатыр. Бұл оны Эдинбург жеткізуге қажетті қаржы.