Оның айтуынша, ағымдағы жылдың шілде айында Гонконгтың Монетарлық саясат басқармасы жанынан Инфрақұрылымдарды қаржыландыруға жәрдемдесу кеңсесі (IFFO) құрылған. Бүгінгі күні IFFO-ға серіктес ретінде 40-тан астам ұйым кіріп отыр. Олардың қатарында көпжақты қаржы агенттіктері, даму банктері, мемлекеттік, жеке инвесторлар, активтерді басқару қорлары, коммерциялық және инвестициялық банктер, инфрақұрылымдық жобаларды әзірлеушілер мен операторлар, кәсіби қызмет көрсететін фирмалар бар.
«IFFO кеңсесі бірегей арна саналады және Қазақстанға да инфрақұрымдық жобаларды дамытуға жәрдем бере алады. Атап айтқанда, ол арқылы сіздердің жобаларыңызға шетелдік инвестициялар мен қаржы тартуға болар еді. Бұған қоса, оның көмегімен сіздердің министрліктеріңіз бен мемлекеттік басқармаларыңыз мемлекеттік-жеке серіктестікті қарастыратын жобалармен балйанысты өз қызметтері мен білімін ұсына алады», - деді С.Цанг.
Сонымен қатар Гонконг Қаржы министрі Қазақстанның өнеркәсіпті әртараптандыруы және шикізат жеткізуге негізделген экономикадан қызмет экономикасына көшуге бет бұруы логистикадан сауда мен кәсіби қызметтерге дейінгі көптеген секторда жұмыс істейтін гонконгтық компаниялар үшін барынша тартымды бола түсетіндігін баса айтты.