IFSB бас хатшысы Қазақстанда исламдық қаржыландыру мүмкіндігіне баға берді
«Біз осы елде исламдық қаржыландыруды дамыту үшін үлкен әлеуетті байқаптұрмыз. Өйткені Қазақстанда ТМД елдеріне шығуға үлкен мүмкіндіктері бар.Сәйкесінше, бұл елдердегі мұсылмандар емін-еркін исламдық қаржыландыруға қолжеткізе алады», - деді Белло Лавал Данбатта тілшілер сауалына жауап береотырып.
Сарапшының атап өтуінше, исламдық қаржыландыруды дамыту үшін Қазақстандазаңнамаға тиісті өзгерістер енгізу қажет.
«Үкімет инфрақұрылымдық тұрғыда, заңнамаға қажетті өзгерістер бойынша қажеттіқолдау жасап келеді. Жалпы, исламдық қаржыландыру бойынша индустрия саласытарапынан қызығушылықты байқап тұрмыз», - деді IFSB бас хатшысы.
Оның сөзіне қарағанда, «Астана» халықаралық қаржы орталығы жұмысын бастағалы білікті мамандар осы салағабелсенді түрде тартылуда. Бұл ретте жастардың арасында қызығушылық танытыпотырғандар көптеп кездесуде.
Бұдан бұрын хабарланғандай, елордада Ислам қаржыландыру қызметі кеңесінің(Islamic Financial Services Board - IFSB) апталығы өтіп жатыр.
Сонымен қатар, IFSB (Ислам қаржыландыру қызметі кеңесі) бас хатшысыҚазақстанда исламдық сақтандыру нарығын дамыту қажеттігін атап өтті.