IFSB Бас хатшысы: Қазақстанда исламдық сақтандыру нарығын дамыту қажет

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – IFSB (Ислам қаржыландыру қызметі кеңесі) бас хатшысы, доктор Белло Лавал Данбатта Қазақстанда ислам сақтандыру қызметі нарығын дамыту қажеттігі туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айта кетейік, елордада Ислам қаржыландыру қызметі кеңесінің (IslamicFinancial Services Board - IFSB) апталығы өтіп жатыр.

«Осы апталық аясында исламдық сақтандыру мәселесі бойынша семинарұйымдастырылды. Бұл шара барысында Қазақстан және Орталық Азияда капиталнарығын дамытуға қатысты қадамдар пысықталды. Біз банктік сектордың белсендідамуын байқап отырмыз. Сонымен қатар, сақтандыру қызметтері, оның ішінде исламдық сақтандыру Қазақстанда жәнеТМД елдерінде дамуы керек деп санаймыз», - деді Белло Лавал Данбатта тілшілерсауалына жауап бере отырып.

Оның сөзіне қарағанда, Ислам қаржыландыру қызметі кеңесі апталығы аясындаисламдық қаржы нарығына байланысты жұмыс топтарының отырыстары өтті.

IFSB - Ислам қаржыландыруы институттарының тиімді қадағалануы мен реттеуібойынша талаптарды дайындайтын халықаралық орган.

АХҚО 2017 жылдан бері IFSB-ның тұрақты өкілі. Бұл ұйымның өкілі болу Исламқаржыландыруы институттарының бірегей талаптарын дайындау кезінде тиімдіжәрдемдестік танытуға көмектеседі.