Ақорданың ресми сайтында Мемлекет басшысының арнайы жарлығы жарияланды.
«Қазақстан мен Ресей халықтарының арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға сіңірген еңбегі үшін композитор Игорь Яковлевич Крутой ІІ дәрежелі «Достық» орденімен наградталсын» делінген онда.
Еске сала кетейік, Ресейдің халық әртісі, композитор Игорь Крутой қазақстандық әнші Димаш Құдайбергенге ұдайы қолдауын көрсетіп келеді. Бұған дейін Димаш «Любовь уставших лебедей» әнін Игорь Крутойдың сүйемелдеуімен «НТВ» телеарнасының «Центральное телевидение» бағдарламасында шырқаған болатын. Композитор Димаш Құдайбергеннің «Ресей публикасын баурап алатынын» айтты.
Сондай-ақ, ол қазақстандық жас әнші Ержан Максимге өзінің музыкалық академиясына оқуға түсіп, білімін шыңдауды ұсынды.