«Сотпен Д.Қойбағаровтың, Б.Мақатовтың, Ж.Әскеровтің, А.Меңдібаевтың, О,Еламанның ҚР ҚК 393 бабы 2 тармағында (Бұзақылық, яғни қоғамдық тәртіпті қоғамды құрметтемеу анық көрінетін, азаматтарға күш қолданумен не оны қолдану қатерін төндіру) және ҚР ҚК 106 бабы 3 тармағында (жәбiрленушiнiң өліміне әкеп соққан не қылмыстық топ жасаған іс-әрекеттер) көзделген бірқатар қылмысты жасағандығы анықталды», - делінген сот үкімінде.
Сотталушы Қойбаров сотта ҚР ҚК 106 бабы 3 тармағы бойынша кінәлі екендігін мойындап, қылмыстық топпен жасамағандығын айтты. Сотталушы Мақатов пен пен Еламан ҚР ҚК 293 бабы 2 тармағы және 1,2 тармақшасы, 106 бабы 3 тармағы бойынша кінәларын мойындаған жоқ. Сотталушы Меңдібаев пен Әскеров өздеріне тағылған айыптарды мойындамады.
Петропавл қалалық сотының үкімімен Димаш Қойбаров ҚР ҚК 293 бабы 2 тармағы 1 тармақшасы, 106 бабы 3 тармағы бойынша кінәлі деп танылып, 9 жылға жалпы режімдегі түзеу колониясына бас бостандығынан айырылды. Бауыржан Мақатов ҚР ҚК 106 бабы 3 тармағы бойынша кінәлі деп танылды. Оған жалпы режімдегі түзеу колониясында жазасын өтеу үшін 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасы белгіленді. Айыпталушы Мақатов зардап шегуші Анатолий Македоновпен татуласты. Жанбатыр Әскеров, Әділ Меңдібаев және Олжас Еламановтар да 8 жыл жалпы режімдегі колонияда жазаларын өтейтін болады.
Зардап шегуші тараптың мүліктік және моральдық талаптары жартылай қанағаттандырылды. Қойбағаровтан, Мақатовтан, Меңдібаевтан, Әскеровтен және Еламановтан зардап шегуші Богдан Гранецкийге материалдық шығын ретінде 1,3 млн., моральдық залал ретінде 2 млн. теңге өндіріліп алынады.
Қойбағаровтан, Мақатовтан, Меңдібаевтан, Әскеровтен және Еламановтан зардап шегуші Анатолий Антроповқа материалдық шығын ретінде 1125 мың теңге, моральдық залал ретінде 50 мың теңге өндіріледі. Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Сотталушлардың барлығы да Солтүстік Қазақстан облысының 21-23 жастағы тұрғындары.
Айта кетейік, баскетболшы Игорь Нанаев 10 қазан күні Петропавлдағы облыстық ауруханада жан тапсырды. Жергілікті «Барыс» клубының мүшесі қазанның 2-сінен 3-іне қараған түні түнгі клубта болған төбелес кезінде ауыр жарақаттар алған болатын. Спортшы өліміне байланысты жүздеген адамнан жауап алынды.