Игорь Рогов құқықтық әділдік орнату саласындағы жұмыстардың бағытын айтты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның төрағасы Игорь Рогов комиссияның құқықтық әділдік орнату саласында атқаратын жұмыстардың негізгі бағытын атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Комиссияның бүгінгі отырысында барынша дұрыс тақырыптар таңдалған. Себебі бұл – бүгінгі күннің өзекті. Баспасөзде, әлеуметтік желілерде денсаулық сақтау органдары қабылдаған кейбір әрекеттер жұрт ішінде күмән тудырып жатады. Қабылданған шешімдердің Конституцияға сәйкестігі, заңға сыйымдылығы, біреудің құқығын бұзатыны, отандық медицинаның сапасы қаншалықты тиімді екені туралы пікірталастар туындайды. Осы мәселелердің бәрін бүгін комиссия аясында талқылауға халықтың денсаулығын, елдің қауіпсіздігін қорғауға бағытталған шараларды анықтайтын саладағы маңызды адам қатысып отыр. Ол – Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой», - деді Игорь Рогов комиссия отырысныда.

Отырыс аясында қаралған екінші мәселе қылмыстық процеске тартылған адам құқықтарын қорғаумен байланысты болды.

«Комиссия қандай да бір күштік іс-қимыл жасайтын орган емес. Біздің күшіміз, әрине, өзімізді тиісті деңгейде көрсете алғанымызға байланысты. Сондай-ақ, ұсыныстарымыздың ғылыми негізі, олардың құқықтық жүйеге қаншалықты сәйкес келетіні де маңызды. Бұл тұрғыда біздің комиссияның міндеті – құқық тілін мемлекеттік құқық қорғау және басқа да құрылымдардың басты тіліне айналдыру», - деді комиссия төрағасы.