Игорь Шувалов: ЕАЭО-да Қазақстан көшбасшы

АСТАНА. ҚазАқпарат - Еуразиялық экономикалық одақта Ресей емес, Қазақстан көшбасшы. Бұл туралы бүгін «Еуразиялық апталық» форумында Ресей Үкіметі төрағасының бірінші орынбасары Игорь Шувалов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ресейдің (ЕАЭО-да) көшбасшылығын байқату айтарлықтай қауіпті. Дегемен де бізде мамандар да, бұл бағыттағы тиісті түсінік те бар. Алайда біз өзіміздің белгілі бір рөлімізді көрсете бастаған кезде, бұл Кремльдің саяси жобасы деген дүрлікпелер пайда болады.  Жалпы біз осы жобада Қазақстанның көшбасшылығын мойындаймыз. Себебі Қазақстан Президенті бұл идеяның негізін қалаушы болып табылады. 90-шы жылдары ол еуразиялық кеңістік идеясын көтерді», - деп тоқталды Шувалов.

«Цифрлы экономиканы құру және басқада маңызды мәселелер бойынша, оның ішінде ЕАЭО-ның дамуы тұрғысында біз Қазақстанның көшбасшылығын көргіміз келеді. Одақ бойынша өзге де әріптестеріміз бізді қолдайды деп үміттенемін, себебі Қазақстанда бұл көшбасшылыққа барлық қажетті жағдайлар мен Президенттің сенімділігі бар. Осы жағдайда еуразиялық кеңістіктің бұл құндылығының көшбасшысы ретінде барлығымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты үлгі тұтамыз. Сондықтан алға қарай ілгерілеу бастамасы Қазақстанда қалыптасады деп сенеміз», - деді ол.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Астанада «Еуразиялық апталық» халықаралық форум жұмысын бастады. Форумға қатысу үшінАстанаға  әлемнің 42 елінен мемлекеттік билік органдарының, іскерліктоптар мен бизнес қоғамдастықтың өкілдері келді.