деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Хабар» Мемлекеттік ақпарат агенттігінің бастамасымен 2002 жылдан бастап өтіп келе жатқан бұл шараға биыл әлемнің 29 елінен 256 делегат келді. Екі күнге созылған форумда 6 мәжіліс, 2 дөңгелек үстел басқосуы өтті.
Еуразия медиа форумын ұйымдастыру комитетінің төрайымы Дариға Назарбаеваның айтуынша, оған журналистер Еуразиялық медиа форум Қазақстанға не береді деген сауалды жыл сайын қояды. Оларға бұл шара ең алдымен біздің достармызды көбейтіп, қатарымызды толықтырады деп жауап беретінін айтқан Дариға Нұрсұлтанқызы, форумға биыл 9-шы рет қатысып отырған мамандардың бар екендігін жеткізді. Сондай-ақ пікірсайысшылар мен олар талқылаған тақырыптардың қоғамдағы маңызы мен рөлін де назардан тыс қалдырмады.