Онда ел намысын әйелдер арасында Татьяна Машкова мен Ирина Цимбалова, ерлер арасында Алексей Сидоренко мен Дмитрий Яковлев қорғауда. Оман астанасында 9 желтоқсан күні жалауын көтерген бұл байрақты бәсекеде Татьяна-Ирина жұбы алғашқы кезеңде Д тобында 2-орын алған болатын. Олар бұл сында таиландтық Тенпакси-Саннок жұбына ғана 0:2 есебімен ұтылып, қалған ойындарда жапондық Кусана- Ойаманы, шығыстимурлық Клемен-Зинханы, тайпейлік Хсиех-Лиуды 2:0 есебімен тізе бүктірді.
Бүгін олар енді лаостық Фонедану-Пани жұбымен сынға түседі. Ал алғашқы кезеңде өз тобында үздік шыққан Алексей мен Дмитрий болса жапондық Имай мен Хидаки жұбымен кездеседі. Олар алғашқы кезеңде лаостық Шитсамон-Таммасин, түрікменстандық Тимур-Арслан, йемендік Адеб-Ассарды 2:0 есебімен ұтқан еді.
13:08, 14 Желтоқсан 2010
ІІ Азиялық жағажай ойындары аясында Оманда өтіп жатқан халықаралық турнирде қазақстандық спортшылар сәтті өнер көрсетуде
АЛМАТЫ. 14 желтоқсан. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бүгін Оман елінің Маскат қаласында ІІ Азиялық жағажай ойындары аясында өтіп жатқан халықаралық турнирдің 1/8 кезеңі өтеді.