Жексенбі күні британ баспасөзі Эдинбург герцогінің корольдік Сандрингем иелігінің (Норфолк графтығы) маңында көлікті қауіпсіздік белдігін тақпай жүргізген фотосуретін таратты.
«Жүргізушіге тиісті көлікті қалай жүргізу қажет екенін ескерттік. Әдетте осындай суреттерді көргенде осылай істейміз», - дейді полицейлер.
Еске сала кетейік, ханзада Филипп 18 қаңтар күні жол апатына ұшыраған болатын. Филипп Range Rover көлігін өзі тізгіндеген. Келеңсіз жағдай А149 тасжолына шығар кезде болған. Куәгерлердің айтуынша, апат салдарынан герцогтың көлігі аударылып кеткен.