Бұл жайлы қала әкімі Ахметжан Есімов бүгін Алматыда өтіп жатқан ІІІ халықаралық инновациялық форумда айтты.
«Негізгі капиталдағы инвестиция көлемі бойынша қала елімізде көшбасшылық ұстанымда. Ағымдағы жылдың 10 айында оның көлемі 350 миллиард теңгені құрады. Ноу-хау қолданылған өнімдер көлемі де өсуде. Мемлекеттік индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы жүзеге асырыла бастаған 3 жылдың ішінде өндірілген өнім көлемі 37 пайызға ұлғайды», - дейді А. Есімов.